Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан аса жұмыс орны ашылады

Динара Амантай

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Фото: Halyq Uni

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында бірқатар жаңа жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент әкімшілігі, Ұлттық банк, өңір әкімдіктері, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» холдингтері және басқа да ұйымдар басшыларының қатысуымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

Жиында өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан аса жұмыс орнын ашу арқылы жаңа жобаларды іске асыру, машина жасауда локализациялауды кеңейту және қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 78%-дан 89%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін 24 кәріздік тазарту құрылысын салу жоспарлары қарастырылды.

Сонымен қатар «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметінің мәселелері, «KEGOC» АҚ акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ 10 коммуналдық меншік ұйымын жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан алып тастау мәселелері талқыланды.