Bereke Bank-ті сатып алғысы келетін шетелдіктер көбейіп жатыр
Қазір бірнеше банк инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр
Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова Berek Bank-ті (бұрынғы «Сбербанк Қазақстан») сатып алғысы келетін шетелдік банктер туралы айтты.
Оның айтуынша, қазір «Бәйтерек» холдингі Bereke Bank-ті жаңа акционері мен жаңа инвесторын және жаңа меншік иесін табу бойынша тиісті жұмыстар атқарып жатыр.
Әлеуетті инвесторлар бойынша, катарлық инвесторлар, Грузия банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі тарапынан қызығушылық болған. Бірақ келіссөздер мен шешімдерді «Бәйтерек» холдингі жүргізеді.