10 млрд қайда кетті: Атырау облысында құрылыс саласында заңбұзушылықтар анықталды
Денсаулық сақтау саласында да құқық бұзушылықтар бар болып шықты
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Тексеру барысында құрылыс қызметі және денсаулық сақтау салаларында бірқатар заң бұзушылық анықталды.
Осыған байланысты Атырау облысы әкімдігіне 10 035,9 млн теңге мөлшерінде анықталған құқық бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру әрі өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, – дейді есеп комитеті.
Атырау облысы әкімдігі аудит барысында анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады. Қазір есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618,5 млн теңге қалпына келтіріліп, 7,1 млн теңге өтелді.