Halyq Uni логотип
×

«7-20-25» бағдарламасының жалғасуын халық та, банктер де қолдап отыр

Тұрғын үй бағдарламасы ұзартылуы мүмкін

 Ербол Тұрымбет 12.04.2022 | 17:14
«7-20-25» бағдарламасының жалғасуын халық та, банктер де қолдап отыр
коллаж: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «7-20-25» бағдарламасын ұзартуды ұсынды. Министрдің айтуынша, бағдарламаның жалғасқанын халық та, банктер де қолдап отыр.

«7-20-25» бағдарламасы аяқталуға таяу. Бірақ халық та, банктер де бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыруды ұсынып отыр. Біз де ол мәселені көтеріп, Ұлттық банкке ұсынысымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірге белгісіз. Оны әлі ақылдасып жатырмыз», – деді министр.

Еске салайық, 7-20-25 ипотекалық бағдарламасының мақсатты қаржыландыру көлемі - 1 триллион теңге. Бүгінде мақсатты қаражаттың басым бөлігі ипотекалық кредит ретінде халыққа берілді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша дайын жаңа баспана сатып алуға болады. Алайда өтініш беруші тұлғаның атында ешқандай баспана тіркелмеуі шарт.

Мөлшерлеме – 7%, ең төменгі жарна – кемінде 20% мерзімі – 25 жылға дейін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама