РФ соғысқа қаржыны әлеуметтік саладан алып отыр
2024 жылы Ресей экономикасы одан әрі құлдырап, жағдай нашарлай түсуі мүмкін. Бұл туралы Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ресей экономикасында тапшылық (дефицит) барын байқаймыз: былтырмен салыстырғанда биылғы тапшылық – 3%. РФ билігі соғысты әлеуметтік және білім беру салалары есебінен қаржыландырады. Біз Ресей экономикасының құлдырап жатқанын көріп отырмыз.
2024 жылы (Ресей экономикасы – автор) одан әрі құлдырай түсіп, (жағдай) одан әрі нашарлай түседі деген болжам бар. Сондықтан (Еуропалық одақ салған санкциялардың – автор) айтарлықтай әсері бар, - деді Дэвид О'Салливан Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
ЕО санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Ресей Федерациясына салынған санцияларды айналып өту мәселесі барын мойындады.
«Санкцияны айналып өту оның тиімділігін айтарлықтай төмендетеді. Біз оны білеміз. Сондықтан мәселеге мән беріп отырмыз. Мұнда ешқандай мемлекетті санкцияны айналып өтуге көмектестіңдер деп айыптамаймыз. Біз сол елдермен және олардың өкілдерімен диалог құруға тырысамыз.
Мұндай жағдай сол Үкіметтің білмеуінен болған шығар. Сондай-ақ экономикалық операторлар осындай санкцияларды айналып өтуге (нарыққа) кіріп жатқан болуы мүмкін. Осыған байланысты біз сол елдердің үкіметтерімен бірлесіп, мәселенің шешімін табуға тырысуымыз керек», - деді ол.
Айта кетейік, Еуропалық одақ Еуроодақ Қазақстанмен реэкспорт мәселесін талқылайды.