×

Министр ресейлік кәсіпкерлермен кездесті

Қос ел көлік саласын дамытуға ниетті

 Дәурен Ерболат 24.04.2023 | 14:13
Фото: ИИДМ

Мәскеуде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Ресей кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Марат Қарабаев пен Ресейдің Көлік министрі Виталий Савельевтің төрағалығымен Қазақстан-Ресей ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы көлік саласы бойынша кіші комиссиясының XVII отырысы өтті. Отырыста қос елдің көлік саласындағы әріптестігінің негізгі бағыттары, оның ішінде «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің логистикалық әлеуетін іске асыруға қатысты бірлескен жоспарлар қаралды.

Сондай-ақ екіжақты байланысты кешенді дамыту бойынша бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді.

Алқалы жиынның қорытындысы бойынша хаттамаға және Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекараларындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына (жол карталары) қол қойылды. Оны іске асырудың нәтижесінде екіжақты жүк айналымы мен жолаушылар ағыны ұлғайтылып, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетінің одан әрі үдемелі дамуы қамтамасыз етіледі деген жоспар бар, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ РФ Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесуде геология саласында іскерлік қарым-қатынас орнату жолдары қаралды. Оған қоса, Марат Қарабаев Қазақстан мен Ресейдің бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, оның барысында бірлескен кооперациялық жобалардың қазіргі жағдайы, ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама