Түркістан облысының тұрғыны жалған доллар сатумен айналысқан
Ол 10 мың долларға жуық жалған ақшаны сату кезінде ұсталды
Түркістан облысының тұрғыны жалған долларлар сатумен айналысқан. Ол 100 долларлық банкноттармен 9300 доллар сомасындағы жалған ақшаны сату кезінде әшкереленді.
Құрықталған азамат қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді қаржылық мониторинг агенттігі.
Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Агенттік жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефонына хабарласуға болатынын еске салды.