Halyq Uni логотип
×

Наурызда елімізде өсімдік майы қымбаттаған

Ал инфляция 8,7%-дан 12%-ға көтерілген

 Ербол Тұрымбет 12.04.2022 | 10:30
Наурызда елімізде өсімдік майы қымбаттаған
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс аясында экспорт көлемінің қысқаруы әсерінен наурызда өсімдік майы (бір айда 23,2%-ға) және дәнді дақылдар (17,1%) бағасы рекордтық деңгейде өскен, дейді Halyq Uni тілшісі.

Оның сөзінше, наурызда Қазақстанда инфляция 8,7%-дан 12%-ға дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бері ең жоғары мәнге жеткен. 

Азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосты. Олардың өсуі 10%-дан 15,4%-ға дейін жеделдеді (бір айда инфляция 5,8%-ға өсті). Орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағаларының айтарлықтай өсуі байқалды. Наурыздың төртінші аптасының қорытындысы бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсетуде 18,6%-ға дейін өсті. Осы өсуге наурыздың екінші аптасында жекелеген азық-түлік тауарына сұраныстың артуы айтарлықтай үлес қосты, - дейді ол.

ҰБ төрағасының мәліметінше, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы наурызда 8,6%-дан 10,9%-ға дейін қымбаттады. Оған теңге бағамының әлсіреуі және азық-түлікке қарағанда төменірек болса да артық сұраныстың қысымы себеп болған. Ал ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1%-дан 8,3%-ға дейін жеделдеген. Бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты болып отыр екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама