Халықаралық орталық 24 сәуірден бастап жұмысын бастайды
2020 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақында жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қорғас» орталығының жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Орталық пандемия басталғанда уақытша жабылған еді.
Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, аталған орталық 24 сәуірден бастап жұмыс бастайды.
Айта кетейік, «Қорғас» орталығында Қазақстан мен Қытай тараптарының өкілдері саудамен айналысады. Ол жерде көптеген сауда орындары орналасқан. Баға нарықтан бірнеше есе арзан.