Автоконцерн Ресейге 15,6 миллиард рубль төлеуге міндетті
Ресей билігі неміс брендінің автокөлік зауытын сатуды мақұлдады. Өндірісті ірі автокөлік дилері сатып алады, деп жазды «Ведомости» басылымы.
Ресей Үкіметінің комиссиясы Калуга қаласының маңында орналасқан Volkswagen брендінің автокөлік зауытын сату туралы шешімді мақұлдады.
Неміс брендінің автоконцернінде жағдай туралы түсініктеме берілмеді. Алайда зауытты ресейлік «Авилон» автокөлік дилерінің сатып алатыны белгілі.
Неміс брендінің зауытын сату Volkswagen ГАЗ тобының алаңында неміс машиналарын келісімшарттық құрастыру туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзғаннан кейін шешілді.
Мұндай шешімді төрелік сот қабылдады. Оның шешімі бойынша автоконцерн Ресейге 15,6 миллиард рубль төлеуге міндетті. Бренд санкциялар аясында Ресейден кетті.