×

Ауыл халқының табысын арттыратын жобаға 100 млрд теңге бөлінді

Бағдарлама аясында 350 мың адамды қамту көзделген

 Халық үні 19.04.2023 | 10:48
Фото: ашық дереккөз

«Ауыл аманаты» жобасына биыл 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Ауыл аманаты» жобасын Үкімет мүшелері өңірлерге барып, әкімдермен бірлесіп, оның мүмкіндіктерін халыққа жеткізіп жатыр. Жобаға биыл 100 млрд теңге бөлінді. Ол 2,5%-бен беріліп жатыр. Нәтижесінде ауылдағы 18 мың тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып қана емес, өз жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға мүмкіндік алады, - деді Алтай Көлігов.

Ал бағдарлама шеңберінде 350 мың адамды қамту көзделген. Бұл жұмыс Amanat жұмыс Amanat партиясымен бірге атқарылады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ауылды дамыту мәселесіне де назар аударды.

«Мен сайлау алдында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керек. Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады. Ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама