KEGOC компаниясы SPO-ға шығарылады – премьер-министр

Дәурен Ерболат

Қазақстанға шетелдік 24 компания көшіп келген

фото: wikimapia.org

Биыл жекешелендіру аясында 106 нысан сатуға қойылады әрі KEGOC компаниясы SPO-ға шығарылады. Бұл туралы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде бүгінде 368 нысан сатылды. Оның ішінде 62-сі жойылып жатыр немесе реорганизацияда. Биыл тағы 106 нысан сатуға қойылады және KEGOC компаниясы SPO-ға шығарылады, - деді премьер.

Үкімет басшысы жаңа бюджет және салық кодексі жобаларын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Инвестиция тарту жұмысы өте маңызды. Биыл жоспар бойынша экономикамызға 18,3 трлн теңге көлемінде негізгі капиталға инвестция тартылады. Жалпы құны 28,1 трлн теңгеге 873 жобадан тұратын инвестициялық пул жұмыс барысында. Үкіметтегі инвестициялық штаб тұрақты жұмыс істейді. Шетелдік кәсіпорындарды релокациялау шеңберінде 24 компания Қазақстанға көшті. Тағы 43 компания бойынша жұмыс жалғасып жатыр», - деді Әлихан Смайылов.