Halyq Uni логотип
×

224 млрд теңге: Қазақстанда бизнес жүргізу жеңілдейді

Бизнестің жол картасын қаржыландыру 224 млрд теңгеге ұлғайтылды

 Дәурен Ерболат 19.04.2023 | 10:18
224 млрд теңге: Қазақстанда бизнес жүргізу жеңілдейді
фото: Halyq Uni

Бизнеске қойылатын (қажетсіз) 10 мың талап алынып тасталды. Бұл туралы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, кәсіпкерлік саласында жаңа реттеуші саясат енгізіліп жатыр.

Қаңтардан бастап міндетті талаптар реестері ашық түрде жарияланды. Енді реестрде жоқ талаптар бойынша тексерулер жүргізілмейді. Биыл заңнамадан бизнес үшін 10 мың талап алынып тасталады. Бұл тексеру санын едәуір қысқартады. Жыл соңына дейін тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру толық аяқталады, - деді премьер.

Сондай-ақ премьер-министр шағын және орта бизнесті жүйелі қолдау шаралары кеңейтілгенін атап өтті.

«Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін қолдау көрсетілетін қызмет тізбесі 116-ға ұлғайды. Бірқатар басым қызметтер бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды. Бизнестің жол картасын қаржыландыру көлемі 224 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды», - деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама