×

100 млрд теңгенің мүлкі қорғалды: Кәсіпкерлер бизнес-омбудсменге қандай мәселемен жиі келеді

2022 жылы кәсіпкерлерден 4 408 өтініш келіп түскен

 Айнұр Шошаева 18.04.2023 | 11:40
Сурет: kapital.kz

Былтыр елімізде бизнес-омбудсменнің араласуымен кәсіпкеркерлердің 99,3 млрд теңгенің мүлкі қорғалған, деп хабарлайды Halyq Uni.

2022 жылы бизнес-омбудсмен кеңсесіне кәсіпкерлерден 4 408 өтініш келіп түскен, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 38%-ға төмен. Өтініштердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы, жер, салық пен құрылыс мәселелеріне қатысты. Кәсіпкерлер күрделі заңнама, заңнаманы мемлекеттік органдар тарапынан да, бизнес тарапынан да практикалық қолданудағы проблемалар, лауазымды тұлғалардың бизнеске араласуына қатысты жиі шағымданды.

Сондай-ақ былтыр қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 99,3 млрд теңгені құрады, бұл күші жойылған айыппұлдар, активтерді қайтару немесе бизнес мүлкін сақтаудың өзге де тәсілдері.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің мәліметінше, қазір қаралатын мәселелер қылмыстық-құқықтық аспектілерге көшкен, сондықтан оларды шешу әлдеқайда қиын. Өтініштердің үштен бірі Жоғарғы соттың соңғы инстанция ретіндегі шешімінен кейін келеді, оны Жоғарғы соттың ұсынысы немесе Бас прокуратураның наразылығы бойынша қайта қарау қажет.

Қазіргі уақытта Үкіметпен бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Талдау бойынша жұмыс 44 саланың 38-інде аяқталды. Талдау қорытындысы бойынша 38 салада 105 989 талап анықталып, оның ішінде 9 838 талап (9,3%) жаңа реттеуші саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді және жойылады немесе қайта қаралады. Қалған салалар бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Бүгінде елдегі бизнес-ортаны жетілдіру бойынша жүйелі және ауқымды жұмыс жалғасуда. Еліміздің Бизнес-омбудсмені Бас прокуратурамен бірлесіп, 32 экономикалық құрамды ізгілендіру жүргізіліп, ҚК-нің 28 бабы бойынша қылмыстық жазалар жеңілдетілді (баламалы түрлері енгізілді). Сондай-ақ 29 құрам бойынша (Экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша) бизнеске қамауды қолдануға тыйым салынып, 10 құрам бойынша залал толық өтелген кезде қылмыстық қудалау тоқтатылады. Мұның бәрі бизнеске қатысты қылмыстық істерді 5 есеге (2016 жылғы 5 мыңнан 2021 жылғы 1 мыңға дейін) және қамауға алынғандар санын 2,5 есеге (2016 жылғы 393-тен 2021 жылғы 158-ге дейін) қысқартуға мүмкіндік берді.

Бұған қоса, бизнесті тексеруге қатысты тәртіп орнатылды. Олардың саны 9 есеге (246 мыңнан 27 мыңға дейін), ал тексеру парақтарындағы бизнеске қойылатын талаптар жартысынан астамға (60%, 31 мыңнан 13 мыңға дейін) қысқарғанын айта кету керек. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда бизнес-омбудсмен институты 2016 жылы құрылған болатын. Оның қызметін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама