×

Құрылыс саласына дағдарыс таяды: Бір айда 1,5 мыңнан астам кәсіпорын қысқарған

Тағы бірқатар проблема бар

 Ербол Тұрымбет 11.04.2022 | 14:00
коллаж: Halyq Uni

Құрылыс жаппай тоқтап, кәсіпорындардың қысқаруына бірнеше себеп бар. Мамандардың жазуынша, құрылыс материалдарының қымбаттауы, табиғат құбылыстары, ірі қалаларда тұрғындардың наразылығы, ұлттық валютаның құнсыздануы, жаһандық логистикалық желінің бұзылуы және Алматыда қабат санын шектейтін заңдағы өзгерістер негізгі себептер ретінде аталып отыр. 

«Энерджипром» сайтының мәліметінше, бүгінде елімізде мемлекеттік инвестиция есебінен салынып жатқан 286 нысанның құрылысы тоқтаған. Оның 84-і жобаның қымбаттап кетуінен тұралаған. Бұл тек мемлекеттің қатысуымен жүріп жатқан құрылыстар. Одан өзгелері туралы тіпті мәлімет те жоқ. Сарапшылардың жазуынша, құрылыс нарығындағы бұл қиыншылықтар ел экономикасына айтарлықтай әсер етері сөзсіз. Өйткені өткен жылдың қорытындысы бойынша, құрылыс секторының ЖІӨ-дегі үлесі 5,8%-ды құраған. Бұл шикізат емес сала үшін маңызды көрсеткіш.

Осы қиыншылық салдары қазірдің өзінде көрініп отыр. Наурыздағы іскерлік белсенділік индексі 48,3 пункт құрап, едәуір төмендеп кеткен. Сол индекске кіретін экономика салаларын жіктеп қарағанда да жағдайдың ең қатты ушығуы құрылыста көрініп отыр. Индекс 47,1 деңгейінде. Өнеркәсіпте – 48,2, қызмет көрсетуде – 48,4.

Сонымен бірге бизнес-климат та қиындап барады. Онда да құрылыс (-14,4), қызмет көрсету (-8,1) және өнеркәсіп (-4,4) секторларында көрсеткіштер төмендеп кеткен. Ол екінші жағынан, қоғамдағы жұмыссыздар санын арттырып жатыр. 2021 жылдың қорытынды бойынша, құрылыс секторы сауда, ауыл шаруашылығы, білім салаларымен бірге жұмыс орындарының негізгі көздері болған еді. Былтыр бұл салада 641,4 мың адам еңбек еткен. 

Тағы бір айта кетерлігі, құрылыс нарығында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны қатты қысқарып жатыр. Ақпан ішінде 1,6 мың кәсіпорын қысқарып, ақпан аяғында 14,8 мың компания ғана қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама