Halyq Uni логотип
×

Шаруалардың 90%-на дизельдің иісі де бармайды – Төлеутай Рахымбеков

Өйткені жергілікті әкімдер ұнатқан фермерлеріне ғана таратады

 Ербол Тұрымбет 12.04.2023 | 10:14

Агроном-ғалым Төлеутай Рахымбековтың айтуынша, дизель бұрынғы жылдары 40-50 теңге тұратын кезде фермерлерге бағасы кемі 10-15 теңге арзан берілетін. Мысалы, жанармай бекетінде 40 теңге болса, фермерлерге 30 теңгеден тиетін. Сонда 25% көмек салмақты көрінетін. Қазір жанармай бекеттерінде орта бағамен 230 теңге фермерлерге шенеуніктердің ауызша айтуымен 204 теңге, анау-мынаусымен 210-220 теңгеге дейін барады. Арасы 10-ақ теңге. Сондағы көмегі 5-ақ пайыз. Бұл туралы сарапшы Halyq Uni ютуб-арнасына берген сұқбатында айтып берді.

Оның сөзінше, жемқорлық та көп, бірақ ешқандай механизм, ережесі жоқ. Облыстағы ауыл шаруашылығы басқармасы операторды қандай талаппен таңдайтыны жазылмаған. Өзіне ұнағанын алады. Ол дизель ауданға барған соң әкімдік қай фермерге беретінін, қандай талаппен беретінін өзі шешіп, қалағанына таратады.

Сосын ұяты болса операторға не фермерге айтады, «арзандатылған дизель берем, сен рахметің есебінде мектепті не балабақшаны жөндеп бер» дейді. Ұяты болса ғана. Болмаса «қалтама салып бер» дейді. Міне, коррупция! – дейді ғалым.

Маманның сөзінше, бұл механизмнің тағы бір қисық жері, оператор дизель отынын облысқа алып келеді. Облыстағылар ауданға апарады. Сөйтіп, тезірек сатып алыңдар деп жар салады. Көктем кезінде қай шаруа қожалығында ақша бар? Ірі шаруашылықтарда. Оны сатып алса бір жерге апарып құю керек. Кімде қойма бар? Тағы сол ірі шаруашылықтарда. Олардың үлесі 10-15% ғана. Қалған 80-90% ұсақ шаруа қожалықтарына дизель отынының мұрындарына исі де бармайды.

Сондықтан бағаны көктем-күзде ғана емес, 12 ай бойы төмендету керек екенін айтады. Өйткені қысқа қар тоқтату бар, жазда шөп шабады. Сол жұмыстар да ескерілуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама