×

«Ауылда 2-3 ай ет жемеген отбасын көрдім»: Президенттікке экс-кандидат елдегі қымбатшылық жайлы

Сарапшының айтуынша, Астанаға 6 мың тонна ет керек

 Ербол Тұрымбет 12.04.2023 | 09:57

Астанада еттің ең қымбат кезі үш ай: наурыздың ортасы мен маусымның ортасы. Өйткені соғым бітеді. Қыстан шығып келе жатқан мал әлі арық, марқа піскен жоқ. Сұраныс өз қалпында қалады, бірақ ұсыныс жоқ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы сарапшысы, ғалым Төлеутай Рахымбеков Halyq Uni ютуб-арнасына берген сұхбатында берді. 

Ал маусымның ортасында баға неге төмендей бастайды? Оның сөзінше, біріншіден, осы кезде марқа піседі. Өйткені алты ай болып қалады. Көкөніс пен сүт өнімдері пайда болады. Мамырдың 1-інен бастап сүт жинай бастайды. 

Одан кейін тағы бір маңызды себеп, күн ысиды. Етті көп жегің келе қоймайды. Сонымен еттің бағасы түседі, – дейді сарапшы.

Маманның айтуынша, Астанаға осы үш айда керегі 6 мың тонна ет. Маңайда Ақмола облысының өзінде 200 ауылдық округ бар. Соның бәріне бірдей емес, 80-іне ғана мал бордақылау алаңын ашса, әрқайсы 80 тоннадан берсе 6400 тонна шығады. Елорданың ет мәселесін осылай шешуге болады.

Одан ауыл халқы да пайдалы болады, ақшасы көбейеді. Арадағы делдалдарды да құртамыз, базардың да бағасы тұрақталады. Бірақ ол үшін бірнеше мәселені шешу керек. Біріншіден, ауылдық инфрақұрылым, яғни қызмет көрсету саласы. Екіншіден, сату жүйесін реттеу керек, – дейді Төлеутай Рахымбеков.

Сарапшының айтуынша, 2008 жылы Қазақстан еттің бүкіл түрін қосқанда адам басына 45 кило ет жейтін. Ал ол кезде Аргентинадағы көрсеткіш 90 кило еді. 

Аудандарды, ауылдарды аралап жүрмін, кейбір ауылдарда екі-үш ай ет жемеген үйлерді көрдім. Бұл қазіргі заманның қиыншылығын көрсетеді, – дейді Төлеутай Рахымбеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама