Қазақстанға тікелей тартылған шетелдік инвестициялар көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
Атырау облысы шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отыр
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей тартылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7%-ға артық ($23,8 млрд), деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сондай-ақ бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $28,9 млрд болған.
Осылайша, Үкімет пен өңірлер әкімдіктері жұмысының нәтижесінде өткен жылы ҚР Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының 2026 жылға дейінгі аралық нысаналы индикаторлары 14,3%-ға асыра орындалды (жоспар – $24 млрд).
Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер: Нидерланды – $8,33 млрд (өсім – 19,7%), АҚШ – $5,1 млрд (+81,9%), Швейцария – $2,8 млрд (+2,4%), Бельгия – $1,56 млрд (+46%), Ресей – $1,52 млрд (-19,7%), Оңтүстік Корея – $1,48 млрд (+84,8%), Қытай – $1,43 млрд (-22,5%), Франция – $770,2 млн (+27,4%), Ұлыбритания – $661 млн (-35,7%) және Германия – $469,5 млн (+45,4%)
Инвестициялар ең көп тартылған салалар: тау-кен өнеркәсібі – $12,1 млрд (+25%), өңдеу өнеркәсібі – $5,6 млрд (+3%), көтерме және бөлшек сауда – $5,08 млрд (+36%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – $1,1 млрд (өсім – 2,1 есе), көлік және қоймалау – $1,1 млрд (+14%), құрылыс – $698 млн (-3%), қаржылық және сақтандыру қызметі – $650 млн (-60%), электрмен жабдықтау және газ беру – $635,6 млн (өсім – 2,8 есе) және т.б.
Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер: Атырау облысы – $8,2 млрд (+48%), Алматы – $7,57 млрд (+11%), Астана – $2,25 млрд (өсім – 2 есе), ШҚО – $2,2 млрд (+3%), БҚО – $1,12 млрд (+7%), Алматы облысы – $698,2 млн (+47%), Ақмола облысы – $376,3 млн (өсім – 6,3 есе), Қызылорда облысы – $336,5 млн (+36%), СҚО – $105,7 млн (өсім – 3 есе) және Жамбыл облысы – $62 млн (өсім – 3 есе).