Halyq Uni логотип
×

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды

ҚМА-ға құжаттың келісілген жобасын енгізу тапсырылды

 Динара Амантай 05.04.2023 | 16:31
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Қаржылық мониторинг агенттігінің алдына 2025 жылға қарай көлеңкелі экономиканы 15%-ға дейін төмендету туралы стратегиялық міндет қойған болатын. Кешенді жоспарды іске асыру аясында 64 іс-шараның 45-і немесе жоспардың 70%-ы орындалды.

Айта кету керек, 2021 жылы ел бойынша көлеңкелі экономика деңгейі 19,75%-ды құрады, болжам 21,5% болған.

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Келіспеушіліктер хаттамасын тиісті мерзімде қарап, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын келісу қажет.

Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті мерзімде Үкімет аппаратына 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың келісілген жобасын енгізуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама