×

Жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету Үкіметтің қолынан келе ме

Биыл наурыз айында инфляция 18,1% болды

 Дәурен Ерболат 04.04.2023 | 12:39
фото: primeminister.kz

Үкімет 2023 жылдың соңына дейін инфляцияны 2 есе түсіріп, халықтың табысын арттыруы керек. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сонымен қатар біз Парламенттегі басым көпшілік –  Amanat партиясының бағдарламасын орындауға кірістік. Президенттің ауқымды саяси реформаларының арқасында Мәжіліске 6 партия өтті. Біз барлық партиямен бірге белсенді жұмыс істейміз. Бұл біздің жұмысымызға оң нәтиже беретіні сөзсіз, - деді Әлихан Смайылов.

Премьердің айтуынша, Үкімет ашық әрі өзін-өзі толық қамтамасыз ететін нарықтық экономика құру жолында нақты іс-шараларды іске асырады.

«Экономикалық саясат бірінші кезекте бизнесті қолдауға бағытталуға тиіс. Бұл орайда негізгі салаларға тартылатын отандық және шетелдік инвестиция көлемін ұлғайтуымыз керек.

Сонымен қатар жыл соңына қарай инфляцияны 2 есе төмендетуге, экспорттық әлеуетті, жаңа технологияларды дамытуға, заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты шараларды іске асыруға ерекше назар аудару қажет.

Біздің міндетіміз – инфляцияны ескеріп, халықтың жалақысының 4,6% деңгейінде нақты өсуін қамтамасыз ету. Жұмыссыздық 4,8%-ке дейін төмендеуге тиіс. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз бар күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет, - деді үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов қоғамды ең алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру мәселесі толғандырып отырғанын атап өтті.

«Бұл мәселені жаңа тәсілдерді қолдана отырып, шешу қажет. Делдалдық схемаларды жойып, форвардтық сатып алуды қолдану, сондай-ақ шикізат сатып алу үшін кәсіпорындарға айналым қаражатына кредит беру керек.

Сонымен қатар Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру бойынша қосымша ұсыныстар беруге тиіс», - деп сөзін түйіндеді премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама