Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда енді жалақының 15 пайызы зейнетақы қорына аударылады – Еңбек министрлігі

Жұмыс беруші қосымша 5% аударады

 Бауыржан Мұқанов 03.04.2023 | 15:21

2024 жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысының 15%-ы зейнетақы қорына аударыла бастайды. Бұл туралы Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.

Жаңа Әлеуметтік кодекс Сенатта қабылданып, Президентке жолданды. Бұл құжат бойынша 2024 жылдан бастап жұмыскердің ай сайын зейнетақы қорына аударылатын 10 пайыздық төлемінен бөлек, жұмыс беруші жалақының 5 пайызына тең соманы жұмыскердің зейнетақы қорына аудара бастайды. Бұл жұмыскерлердің зейнетке шыққан кездегі зейнетақысын көбейту мақсатында жасалып отыр, – дейді Сәкен Ділдахмет.

Министрлік өкілінің мәліметінше, жұмыс берушінің 5 пайыздық қосымша аударымы жұмыскерлердің жалақысына әсер етпейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 21-35 аралығындағы азаматтарға арналған кәсіп ашуға жеңілдетілген несие бағдарламасына құжат қабылдау басталғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама