Halyq Uni логотип
×

Жастарға арналған 2,5 пайыздық несие: кім және қалай алады?

5 жылға дейін 5 млн теңге беріледі

 Бауыржан Мұқанов 03.04.2023 | 16:20

Наурыз айынан бастап 21-35 жас аралығындағы азаматтарға 2,5 пайызбен жеілдетілген несие беруге өтінім қабылданып жатыр. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін берілетін несиеге өтінімді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның әр өңірдегі филиалдары қабылдайды. Бұл туралы Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.

Министрлік өкілінің айтуынша, несиені алу шарттары мынадай:

  • Несие алуға өтінім берушінің жасы 21-35 жас аралығында болуы тиіс;
  • Кепілзат (жылжитын/жылжымайтын мүлік);
  • Бизнес жоспар;

Бұдан бөлек «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ресми сайтында басқа да құжаттар тізбесі көрсетілген.

Биыл аталған бағдарлама бойынша 5,8 мың адамға несие беру жоспарланған. Осы мақсатта бюджеттен 29 млрд теңге бөлінді. 2023-2024 жылдары жыл сайын қаржыландыру көлемі 30 млрд теңге болмақ.

Несиенің максималды мөлшері 5 млн теңге. Қарыз 5 жылға, ауыл шаруашылығындағы бизнеске 7 жылға дейін беріледі.

Сонымен қатар, несиені төлеу бойынша, несие мерзімінің алғашқы үштен бірінде каникул беріледі. Бұл бизнестің аяққа көтеріліп, айналымға шығып кетуі үшін қарастырылған.

Сәкен Ділдахметтің айтуынша, бағдардамаға 21-35 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер де өз бизнесін дамыту үшін осы бағдарламаға қатыса алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама