Ұлттық экономика министрі Гарвард өкілдерімен кездесті

Ербол Тұрымбет

Гарвард университетінің зерттеу жобасын таныстырды

фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Гарвард университеті жанындағы зертханаөкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Гарвард университетінің мамандары экономикалық өсу факторын диагностикалауға бағытталған зерттеу жобасын таныстырды.

Ұлттық экономика министрі Қазақстан президенті жариялаған реформалар шеңберіндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Қазір министрлік жаңа экономикалық саясат құру, халықтың табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыс істеп жатыр.

Әлібек Қуантыров кездесуде адами капиталды жақсарту экономикалық дамудың маңызды факторының бірі екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Гарвард университетінің ғылыми қызметкері Джан Сойлу пікір алмасу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, қазақстандық тараптың ұсыныстарын ескеретініне сенім білдірді.