×

Биылғы бюджет мұнай барреліне 90 доллармен есептелді

Бюджет шығындары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылған

 Ербол Тұрымбет 05.04.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгінгі үкімет отырысында биылғы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы қалай нақтыланатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Оның айтуынша, мұнай нарығында жыл басынан бері мұнайдың Brent маркасының орташа бағасы барреліне 98 долларды құрады. Бұл ретте мұнай бағасы бойынша Дүниежүзілік қаржы ұйымдары 2022 жылы мұнай бағасын 74-105 доллар аралығында болжап отыр. Осыған байланысты макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 доллар деңгейінде айқындалған. Ал инфляция 8-10% аралығында болады деп есептейді.

Президент қойған міндеттерді іске асыру, республикалық бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 1,6 трлн теңгеге ұлғайтып, 4 трлн теңгеге дейін түзету ұсынылады, – деді Қуантыров.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, биылғы бюджет шығындары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылған. Оның 1,1 трлн-ы бюджеттің өз кірістері болса, 1,6 трлн-ы Ұлттық қордан аударылатын кепілдендірілген трансфертті ұлғайту есебінен болмақ. Сайып келгенде, биылғы бюджет түсімдері 15,8 трлн, шығыстары 18,8 трлн теңге көлемінде қалыптасып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23