×

Мұнай және әуе тасымалы: қаржыгер қай акцияларды сатып алу керектігін айтты

Мұнай қымбаттаса, әуе компанияларының акциялары арзандайды

 Бауыржан Мұқанов 24.03.2023 | 09:57

AIX биржасының қаржы директоры Жарас Мұсабековтың айтуынша, бастауыш инвесторлардың ең көп жасайтын қателіктерінің бірі – бүкіл ақшаға бір компанияның акциясын сатып алу. Бұл туралы ол Halyq Uni ютуб арнасына берген сұхбатында айтты. 

Ең бірінші инвестицияны әртараптандыру керек. Бір емес, бірнеше компанияның акциясын бөліп-бөліп сатып алған жөн. Мысалы, бір жағынан “Қазақмыс” акциясын алсаңыз, екінші жағынан ҚазАтомӨнеркәсіп акциясын алған дұрыс. Өйткені, мыс пен атомның нарықтағы бөлек және өзара тәуелді емес. 

«Екіншіден, ұқсас компаниялардың да акциясын алуға болмайды. Егер Exxon акциясын алсаңыз, оған қосымша Luthgansa. Өйткені олардың акция құны әрқашан қарама қарсы бағытта жүреді. Егер мұнай қымбаттаса, Exxon Mobile акциясы қымбаттайды, бірақ Luthgansa акциясы арзандайды Өйткені әуе компаниясының ең басты шығыны – дизель отыны. Демек, дизель отыны қымбаттап, әуе компаниясының табысы азайып, акциясы арзандайды деген сөз. Егер керісінше, мұнай арзандаса, Luthgansa шығыны азайып, табысы көбейіп, акциясы қымбаттайды. Бұл – инвестициялық портфельді әртараптандыру. Осыған қоса, енді бұл екі салаға мұлде қатысы жоқ, мысалы, Apple акциясын сатып алған артықтық етпейді», – дейді қаржыгер. 

Тағы бір кеңес – өзіңіз жұмыс істейтін саладағы компанияға инвестиция жасамау. 

Егер сіз телекоммуникация саласындағы компанияда жұмыс істейтін болсаңыз, осы саладағы компанияның акциясын алмаңыз. Өйткені егер телекоммуникация саласы дағдарысқа ұшырайтын болса, сіз жұмысыңыздан да айырылып, инвестицияңызды да жоғалтуыңыз мүмкін, – дейді AIX қаржы директоры. 

Қаржыгердің айтуынша, былтыр инвесторлар ең көп қателескен тұс – қор нарығындағы хайп.

Пандемия дағдарысынан шыққаннан кейін бүкіл нарық қарқынды өсті. Осыған қарап көпшілік нарық ары қарай өсе береді деп ойлады. Бұл үлкен қателік. Өткен өсім алдағы өсімнің кепілдігі емес. Оны біз былтырғы геосаяси дағдарыс нәтижесіндегі тоқырауда көрдік, – дейді қаржыгер. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама