Заңгерлер мен үй персоналдарына сұраныс көбейіп келеді

Бауыржан Мұқанов

80 мың бос жұмыс орны ашылды

Фото: Halyq Uni

2023 жылдың ақпан айында жұмыс берушілер Қазақстан бойынша 80 мыңға жуық бос жұмыс орнын жариялады. Мұндай жоғары көрсеткіш бұрын 2022 жылдың қыркүйегінде ғана байқалған болатын. Жұмысқа қабылдаудың бұл қарқыны жаздың ортасына дейін жалғасуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni HeadHunter рекрутинг компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, ақпан айындағы бос жұмыс орындарының басым бөлігі сату саласында жарияланған – бұл сұраныстың 39%-ы. Сұраныстың тағы 11%-ын бухгалтерлік есеп пен қаржы құрады. Әкімшілік персоналға да мамандар жетіспей жатыр. Жарияланған бос жұмыс орындарының 10%-ы осы салаға тиесілі. Тағы 9%-ы IT секторында, 6%-ы көлік-логистика саласында болды.

Жылдан жылға спорт клубтары, фитнес, сұлулық салондары секторы да мамандарға сұраныстарды арттырып келеді. Көрсеткіш бір жылда 40% өсті. Заңгерлерге (+37%), үй персоналы (+33%) мен маркетологтарға (+32%) да сұраныс күшейді.

Бірқатар салаларда бос жұмыс орындарының саны азайған. Сақтандыру (-11%), консалтинг (-8%) және сатып алу (-1%) қызметкерлеріне сұраныс азайды, – деп хабардайды HeadHunter.