×

Сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жібереді

Бір жылда 300 мың тонна мұнай жіберу жоспарланған

 Дәурен Ерболат 14.03.2023 | 10:25
фото: azh.kz

Биыл сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна жібереді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«2023 жылы сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна жібереді. Келісім бойынша жалпы 300 мың тонна жіберуіміз керек. Орташа есеппен айына 20 мың тонна мұнай жібереміз», - деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысының кулуарында.

Мұнай «Достық» құбыры арқылы жіберіледі.

Айта кетейік, Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа шығарылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама