×

Қазақстандық бидай бағасы құлдырап кетті

1-сортты ұнның тоннасы – 285-290 доллар

 Еркеғали Болатұлы 13.03.2023 | 14:33
фото: mail.kz

Өткен апта Қазақстанның ұлттық валютасының құлдыраумен аяқталды. 10 наурыз, жұма күнгі KASE сауда-саттығындағы бағам 1 доллар үшін 447,01 теңге (+5,85) болды.

Соның салдарынан Brent маркалы мұнай 1,38%-ға өсіп, 82,72 доллар болды. Сонымен қатар, әлемдік астық нарығы құлдырауды бастан кешіріп жатыр. Қазақ астығының бағасы қазір аздап құбылып тұр. 3-сұрыпты бидайдың тоннасы 265-270 доллар тұрады. Ішкі нарықтағы бидай бағасы қазір шаруа қожалықтарында тоннасына 94 мың теңге, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 97 мың теңге (ҚҚС есептегенде) болып тұр.

Бұл ретте ауғандық сатып алушылар Қазақстаннан келетін 1-сұрыпты ұнның тоннасын 285-290 доллардан ұсынып отыр. Еске сала кетсек, наурыздың басында Сарыағаш стансасында ұнның тоннасы 310 доллар болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама