Halyq Uni логотип
×

АҚШ-тың ең ірі банкі банкротқа ұшырады

Бұл - АҚШ тарихындағы екінші ірі банктің құлдырауы

 Наима Нұрәлі 12.03.2023 | 13:14
АҚШ-тың ең ірі банкі банкротқа ұшырады
фото: ansa.it

Ірілігі жағынан АҚШ-та 16-орында тұрған банк Silicon Valley салымшылар, технологиялық және венчурлық компаниялардың қызметкерлері ақшаларын қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін банкрот болды.

Бұл – он жылдан аса уақыт бұрын қаржылық дағдарыстың шыңына жеткен Washington Mutual банкінің сәтсіздігінен кейінгі АҚШ тарихындағы екінші ірі банктің құлдырауы. 

Сарапшылар жұма күні компанияның инвестиция салуға қолайлы екенін айтқан еді. Банк басшылығы да сол күні таңертең капиталды өсіруге және қосымша инвесторлар табуға тырысқан. Алайда банк акцияларының сауда-саттығы төтенше құбылмалылыққа байланысты Уолл-стриттегі сауда-саттық сессиясы басталғанға дейін тоқтатылды.

Түске дейін депозиттерді сақтандыру бойынша Федералды корпорация (FDIC) банкті жабу туралы шешім қабылдады. Корпорация банк активтеріне бірден сатып алушы таба алмаған, ал бұл салымшылардың ақшаны алу жылдамдығын көрсетеді. Қалған сақтандырылмаған депозиттер сыртқы басқаруда болады.

FDIC мәліметінше, банкрот кезінде банктің жалпы активі 209 миллиард долларды құрады. Салымдардың қанша бөлігінің сақтандыру лимиті – 250 мың доллардан асып кеткені белгісіз, бірақ реттеушілердің бұрынғы есептері бұл үлестің айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама