Halyq Uni логотип
×

Еуропалық Одақпен сауда айланымы 40 млрд долларға жетті – вице-министр

Тікелей инвестицияның жалпы көлемі – 160 млрд доллар

 Дәурен Ерболат 10.03.2023 | 17:45
Еуропалық Одақпен сауда айланымы 40 млрд долларға жетті – вице-министр
Фото: Halyq Uni

2022 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тауар айналымы 40 млрд долларға жетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 160 млрд доллардан асады. 2022 жылғы 9 айда еуропалық инвестиция ағыны 10% өсіп, 8 млрд доллардан асты. Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30% үлесі – Еуропалық Одаққа тиесілі. 2022 жылы тауар айналымының көлемі 2021 жылғы көрсеткіштен 27,6% асып, 40 млрд доллар болды. Бұл – Ұлыбритания Еуропалық Одақ құрамынан шыққаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Биыл да қарқынды өсу жалғасып жатыр, - деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, биыл Еуропалық комиссияның президенті Қазақстанға келеді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама