×

Қазақстаннан жайын мен көксеркені экспорттауға тыйым салынғалы жатыр

Бұл тыйым президенттің былтыр берген тапсырмасын орындау шеңберінде енгізілмек

 Еркеғали Болатұлы 09.03.2023 | 11:25
фото: ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті «Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу туралы» бұйрық дайындады.

Ведомство мәліметінше, жаңа мұздатылған немесе салқындатылған көксерке және жайын балықтарын әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынады. Бұл тыйым президенттің 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңделмеген балық экспортына шектеулер енгізу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде енгізілмек.

Балық өнімі экспорты жалпы көлемінің (жылына 22,5 мың тонна) 55%-ы – өңделмеген балық. Яғни осы уақытқа дейін 12,3 мың тонна өңделмеген балық тасымалданған.

Бастапқы кезеңде республиканың аумағынан жайын мен көксеркені экспорттауға 6 ай мерзімге шектеу қоятын құжат 14 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама