×

Елімізде сұйытылған газ қымбаттады ма - министрлік жауап берді

Ведомство мәлімдеме жасады

 Халық үні 31.03.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы қаңтардағы белгіленген деңгейде қалды.

2022 жылғы 1 сәуірде энергетика министрінің «Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығы күшіне енеді. Қабылданған бұйрыққа сәйкес, сұйытылған газдың шекті бағасы 2022 жылғы 2-тоқсанда ағымдағы деңгейде белгіленеді әрі 28 000,00 тг/т (ҚҚС-сыз) құрайды, – дейді энергетика министрлігі.

2022 жылғы қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) бұйрығымен Қазақстанда автогаз құю станцияларында автокөліктерге жанармай құю үшін 180 күнге (ҚҚС қоса алғанда) сұйытылған газдың шекті-бөлшек сауда бағасы белгіленгенін еске саламыз. БҚДА бұйрығына сәйкес, өңірлердегі сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы ҚҚС-пен литріне 50-ден 75 теңгеге дейін құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама