×

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады

Оның бағасы бірден 23%-ға өскен

 Ербол Тұрымбет 31.03.2022 | 16:00
фото: ашық дереккөзден

Статистика бюросының мәліметтеріне сүйенген energyprom.kz сайтының жазуынша, елімізде күнбағыс майы өндірісі былтырғыдан 3,1% артып, 67,5 мың тоннаға жеткен. Соның арқасында отандық өндірушілер былтыр ішкі сұраныстың 90,1%-ын қамтыған. Алдыңғы жылы импорт 19%-дан да асып тұрған еді. 

Соған қарамастан өткен ақпанда Қазақстандағы күнбағыс майының орташа бағасы 23%-ға өскен. Яғни, қазір елдегі орташа құны литріне 771 теңгеден келеді. Бағасы ең қатты көтерілгендері – БҚО (35,6%), Жамбыл (28,9%), Ақмола (27,5%) облыстары, – делінген ақпаратта.

Ал ең қымбат күнбағыс майы Атырау қаласында сатылады. Бағасы – 844 теңге. Елордада – 818 теңге, Ақтауда – 815 теңге.

«Айта кетерлігі, бұл қымбатшылыққа Ресейдің әскери шабуылының тікелей әсері болуы мүмкін. Өйткені Ресей де, Украина да күнбағыс майының ірі экспортерлерінің қатарына кіреді. Олардың экспортының 94%-ын Германия алады», – делінген деректе.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама