Ерұлан Жамаубаев тауар бағасының төмендейтінін жоққа шығармады
Алдағы 2-3 айда елімізде тауарлар арзандауы мүмкін. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Cенаттың жалпы отырысынан шыққан вице-премьерге журналист «Былтыр Қазақстанда барлық азық-түлік пен тауар қымбаттады. Оның себебі доллардың теңгеге шаққандағы бағамының өсуімен байланысты болды. Қазір доллар арзандап жатыр, елдегі баға төмендей ме?» деп сұрақ қойды.
Ерұлан Жамаубаев тауар бағасының төмендейтінін жоққа шығарған жоқ.
Төмендейді деп ойлаймын. Негізінен доллар бағамы өскенде импортталатын тауарлардың бағасы да өседі. Осыған байланысты біз импортталатын тауарларды бағасы біртіндеп төмендеуі болады деп ойлаймыз. Жалпы экономикадағы инфляция көрсеткіші төмендейді: бүгінде ол 20%-дан асты. 2-3 айдан кейін көрсеткіш төмендейді деген ойдамыз. Қазір біз нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5 – 9,5% шегінде көрсеттік. Сондықтан біз осы деңгейге назар аударамыз әрі жалпы бағаның төмендеуін күтеміз, - деп түйіндеді сөзін министр.