Сауд Арабиясына ет экспорттайтын Қазақстан компанияларының саны артты
Тізімге тағы 19 компания қосылды
Сауд Арабиясына Қазақстан еті мен балын экспорттайтын компаниялардың саны өсті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімін шығаратын компания енгізілді. Осылайша, тізімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар, - деп жазылған хабарламада.