Оған 3 жылдың ішінде 5,6 миллиард теңге бөлінген
Бүгін Үкімет кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру әрі қарай қалай болатынын түсіндіріп өтті.
Журналистер министрге сұрақ қою барысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыруға 3 жылдың ішінде 5,6 миллиард теңге бөлінгенін алға тартып, «Елбасы» туралы заңның күші жойылғаннан кейінгі қаржыландыру мәселесіне қызығушылық танытты.
Алдымен заң, заңға тәуелді актілер, тиісті қаулылар бар. Өзгерістер енгізілген кезде қаржыландыруды азайтамыз. Кей жерлерде қаржыландыруды мүлде алып тастаймыз.
Біз үшін бұл түсінікті, заң әрдайым бірінші орында. Сондай-ақ қабылдануға тиіс заңға тәуелді актілер бар. Осыдан кейін қаржыландыруға қатысты шешім қабылдаймыз. Әзірге біртіндеп қысқартамыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сондай-ақ ол заңға тәуелді актілерді қабылдау мерзімі 2 ай көлемінде нақтыланатынын жеткізді.