×

Павлодар облысындағы екі құс фабрикасы жабылып қалғалы тұр

Біреуінде 150 адам жұмыссыз қалса, екіншісінде тауық саны 150 мыңға кеміген

 Еркеғали Болатұлы 28.02.2023 | 12:03
фото: 24.kz

Павлодар облысында екі құс фабрикасы банкрот болуы мүмкін. Себебі жұмыртқа мен құс етін өндіру көлемі күрт азайып кеткен.

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, Қызылжар ауылындағы құс фабрикасы осыдан тура бір жыл бұрын модернизацияға жабылып, бірден 150 адам жұмыссыз қалған. Бірақ...

Фабрикадан жұмыстан шыққан 45 адамға жұмыс беріп отырмыз. Одан басқа, Павлодар-Қызылжар маршруттық автобусын аштық. Күніне 6 рет жүреді. Жергілікті халық бүкіл Павлодарда жұмыс істейді. Жұмыссыз жүрген азаматтар жоқ, - дейді ауыл әкімі Дәулет Әбілдин.

Ал «Шарбақты-құс» фабрикасы өнім көлемін бірден 50 пайызға азайтқан. Былтыр қаңтар айында 4 млн 600 дана тауық жұмыртқасы сатылымға шығарылса, биыл 2 млн 800 мыңы ғана өткен. Себебі ондағы тауық саны 150 мыңға кеміп отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әсемгүл Бектұрованың айтуынша, құс фабрикаларының осындай жағдайға душар болуына жем мен қажетті құрал-жабдықтардың күрт қымбаттауы себеп. Ал әкімдік шаруасы шатқыаяқтаған екі кәсіпорынға жаңа инвестор іздеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама