Үкімет қаулысы шықты
Қазақтанның Ресейдегі сауда өкілдігі таратылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын, - деп жазылған Үкіметтің қаулысында.
Онда құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетіні жазылған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігінің жұмысын тоқтатқаны хабарланған болатын.