2020-2022 жылдары 4,3 трлн теңгеге 505 жоба іске қосылды
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үшінші бесжылдық кезеңінде (2020-2022 жылдар) шамамен 4,3 трлн теңге сомасына 505 жоба іске қосылды, 45,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылды, деп жауап берді Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігі Halyq Uni басылымының редакциялық сауалына.
Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы 16,3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы шамамен 1,1 трлн теңгеге 149 жобаны енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда:
2023 жылы іске қосу жоспарланып отырған жобалар барлық өңірлерде іске қосылатын болады. Соның ішінде жобалар саны бойынша ең бірінші сала – тамақ өнеркәсібі. Салада биыл 33 жаңа жоба іске қосылмақ. Екінші орында – құрылыс индустриясы. Бұл салада жоба, машина жасау саласында 26 жоба күтіліп отыр.
Жоба
Ашылатын жұмыс орындары саны бойынша бірінші орындағы сала – машина жасау саласы, мұнда 4,7 мың азаматқа жұмыс ұсынылса, тау-кен металлургия саласында ашылатын 18 жобада 4 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Үшінші орында тамақ өнеркәсібінде 3,1 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Ең аз химия өнеркәсібі мен ағаш өңдеу өнеркәсібінде тиісінше 1 мың және 0,7 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Жұмыс орнын құрумен экономика секторларындағы жобалар:
Сала |
Жобалар саны |
Тұрақты жұмыс орындарының саны, мың. |
Тамақ өнеркәсібі |
33 |
3,1 |
Құрылыс индустриясы |
28 |
1,4 |
Машина жасау |
26 |
4,7 |
Тау-кен металлургия кешені |
18 |
4 |
Химия өнеркәсібі |
14 |
1 |
Ағаш өңдеу өнеркәсібі |
11 |
0,7 |
басқалары |
19 |
1,4 |
барлығы |
149 |
16,3 |