×

2023 жылы 149 жаңа өндіріс орны ашылады

2020-2022 жылдары 4,3 трлн теңгеге 505 жоба іске қосылды

 Бауыржан Мұқанов 27.02.2023 | 09:55
Сурет: egemen.kz

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үшінші бесжылдық кезеңінде (2020-2022 жылдар) шамамен 4,3 трлн теңге сомасына 505 жоба іске қосылды, 45,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылды, деп жауап берді Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігі Halyq Uni басылымының редакциялық сауалына.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы 16,3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы шамамен 1,1 трлн теңгеге 149 жобаны енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда: 

  • «Богатырь Көмір» ЖШС, «Богатырь» қимасында көмір өндірудің циклдік-ағымдық технологиясы (Павлодар облысы);
  • «Жетісу Вольфрамы» ЖШС, «Богутые» вольфрам кендері кен орнын өнеркәсіптік игеру (Алматы облысы);
  • «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС, ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы);
  • «КаmLitKZ» ЖШС, шойын құюмен жүк автомобильдерінің компоненттерін шығаратын зауыт (Қостанай облысы);
  • Eurasian recources group, шламды қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы (Ақтөбе облысы);
  • «Fruit Art» ЖШС, сублимация зауытын, жеміс сақтау қоймасын және жылыжай комбинатын салу (Алматы облысы);
  • «Шұбаркөл Көмір» АҚ, арнайы кокс өндіру зауыты (Қарағанды облысы);
  • «Topan Chemical Industries» ЖШС, каустикалық сода және тұз қышқылын өндіру зауыты (Маңғыстау облысы);
  • «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, Ақмола облысының Бұланды ауданында инженерлік инфрақұрылыммен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасының өндірістік қуатын жылына 100 мың тоннаға дейін ұлғайту (Ақмола облысы);
  • «Алель агро» АҚ, құс етін өндіру (Жамбыл облысы).

2023 жылы іске қосу жоспарланып отырған жобалар барлық өңірлерде іске қосылатын болады. Соның ішінде жобалар саны бойынша ең бірінші сала – тамақ өнеркәсібі. Салада биыл 33 жаңа жоба іске қосылмақ.  Екінші орында – құрылыс индустриясы. Бұл салада  жоба, машина жасау саласында 26 жоба күтіліп отыр. 

Жоба 

Ашылатын жұмыс орындары саны бойынша бірінші орындағы сала – машина жасау саласы, мұнда 4,7 мың азаматқа жұмыс ұсынылса, тау-кен металлургия саласында ашылатын 18 жобада 4 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Үшінші орында тамақ өнеркәсібінде 3,1 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. 

Ең аз химия өнеркәсібі мен ағаш өңдеу өнеркәсібінде тиісінше 1 мың және 0,7 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. 

Жұмыс орнын құрумен экономика секторларындағы жобалар:

Сала

Жобалар саны

Тұрақты жұмыс орындарының

саны, мың.

Тамақ өнеркәсібі

33

3,1

Құрылыс индустриясы

28

1,4

Машина жасау

26

4,7

Тау-кен металлургия кешені

18

4

Химия өнеркәсібі

14

1

Ағаш өңдеу өнеркәсібі

11

0,7

басқалары

19

1,4

барлығы

149

16,3

Серіктес жаңалықтары

Сараптама