Павлодар облысында 18,9 мың адам жұмыссыз жүр
Олардың шамамен 50%-ы – ерлер
2022 жылғы үшінші тоқсанда Павлодар облысында жұмыссыздық деңгейі 4,7% болды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының өңірлік департаменті.
Аталған кезеңде 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 398,2 мың адам болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс күші 0,4% азайды. Оның 50,3%-ы – әйелдер.
Облыста жұмыспен қамтылған халық саны – 379,3 мың адам. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 84,7%-ы – жалдамалы қызметкерлер, 5,9%-ы – жеке кәсіпкерлер, 9,4%-ы – тәуелсіз жұмысшылар. Өңірдегі жұмыссыз тұрғындардың саны – 18,9 мың адам.
2022 жылғы үшінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,7% болды.
Жұмыссыздардың арасында ерлердің үлесі – 49,9%, ал 15-28 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардың үлесі 8,9%-дан аспайды.