Halyq Uni логотип
×

2025 жылға дейінгі цифрландыру ұлттық жобасы қалай орындалып жатыр

Министрлік жер қойнауын пайдалануды цифрландырмақшы

 Бауыржан Мұқанов 24.02.2023 | 10:15
2025 жылға дейінгі цифрландыру ұлттық жобасы қалай орындалып жатыр
Фото: Halyq Uni

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасында 2022-2025 жылдар аралығында жалпы республика көлемінде экономика салаларын цифрландыру көзделген. Осы орайда, Halyq Uni бағдарламаның орындалуын барысымен танысып шықты. 

EGOVMOBILE ҚОСЫМШАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕР САНЫ МЫҢНАН АСТЫ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, интернетке кең жолақты қол жетімділіктің үй желілерінің ену деңгейі – 93,7%, цифрландырылған өмірлік жағдайлардың үлесі – 91,2% , «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету сапасына қанағаттану үлесі – 92,6%, IT-компаниялар есебінен салық түсімдерінің үлесі 143 млрд. теңгені, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі – 81,2%, тіркелген электрондық нысанда еңбек шарттары – 93,7% құрайды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімінде кіші түрлері бар 1315 мемлекеттік қызмет бар, оның ішінде 1214 мемлекеттік қызмет немесе 92 % (2020 жылы – 90%, 2021 жылы – 90,4%) электрондық қызмет көрсетуді көздейді және 2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 43 млн. астам қызмет көрсетілді (2020 жылы – 43 млн, 2021-52 млн), – деп жауап берді ведомство редакцияның ресми сауалына.

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылы 12 облыста – Қарағанды, Түркістан, Жетісу, Қостанай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақтөбе облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында халықтың 14 цифрлық кеңсесі жаңғыртылды. eGovMobile мобильді қосымшасында 1069 қызмет қол жетімді, 80% көрсеткішке қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Астана, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент және Тараз қалаларындағы 7 алаңда ББО бөлімдері іске қосылды. Дауыстық және дауыстық емес (онлайн чат, электрондық пошта) байланыс арналары бойынша консультацияларға, бейнеқоңыраулар бойынша консультацияларға (виртуалды ассистенттер), «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы қызметтер көрсетуге Мемлекеттік корпорация филиалдарында 588 ББО қызметкері және 157 фронт-офис қызметкерлері тартылды. Барлығы 745 қызметкер жұмылдырылды.

Өз кезегінде халық тарапынан да сұраныс жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2022 жылы 1414 Бірыңғай байланыс орталығы 23,1 млн-нан астам сұрау салуды қабылданса, көрсетілетін қызметті алушыларға мобильді қосымша арқылы 35 630 мемлекеттік қызмет ұсынылды. Сондай-ақ, осы кезеңде клиенттер операторларға 114 218 бейне қоңырау шалды.

2023 жылдың 1 қаңтар мен 10 ақпан аралығында көрсетілетін қызметті алушыларға қосымша арқылы операторларға 12 882 мемлекеттік қызмет және 35 526 (оның ішінде EGOV mobile арқылы – 5 574) бейнеқоңырау ұсынылды.

KAZSAT 176 АУЫЛДЫ СПУТИНИКТІК ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫМАҚ

Ғарыш саласын дамыту барысын баяндаған министрлік «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді және елдің спутниктік байланыс қызметтерінің қажеттілігін 100% қанағаттандыратынын айтты.

Қазіргі уақытта «KazSat» ғарыш жүйесін алмастыру және дамыту бойынша түрлі технологиялық шешімдер пысықталуда. Түркия, Италия, АҚШ және т. б. түрлі шетелдік өндірушілермен заманауи технологиялық шешімдерге талдау жүргізілуде.

Қазақстандық байланыс спутниктерін барынша пайдалану басымдыққа ие. 2022 жылдың қараша айынан бастап «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі базасында Қостанай, Алматы және Түркістан облыстарында орналасқан 10 ауылды елді мекендерді интернет желісіне қолжетімділікті қосу бойынша пилоттық жоба басталды. Ағымдағы жылы ауылдар санын 176-ға дейін жеткізу жоспарлануда («KazSat»арқылы).

«JerInSpectr» жерді ұтымды пайдалану мониторингі платформасы әзірленді. Платформа еліміздің барлық өңірлерінде 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы жерді пайдаланудың ғарыштық мониторингінің нәтижелері және 2022 жылғы егіс жұмыстарының қорытындылары бойынша іске қосылды. Бұл платформа бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ, мониторинг процестерін автоматтандыруға және профилактикалық бақылау жүргізуге арналған, – деп хабарлайды министрлік.

2023 жылы «JerInSpectr» ақпараттық жүйе негізінде AgroSpace платформасы ашылады, оған еке ауыл шаруашылығы учаскесін мониторингілеу және талдау үшін жер пайдаланушының жеке кабинеті, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуды кешенді бағалау және жоспарлау үшін ҚР Ауыл шаруашылық министерлігі қызметкерінің кабинеті кіреді

Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі үшін жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде статистикалық деректерді есепке алу және жинау үшін ұйымдасқан шаруашылықтарды толық қамту жүргізілетін болады.

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ПЛАТФОРМАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

«Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы «Minerals.gov.kz» әзірленді. Платформа жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету және олардың бір терезеден мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы арқылы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді», дейді министрлік.

Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылы геология саласында рұқсат беру бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру, жер қойнауын пайдалану шеңберінде қосымша қызметтер мен өнімдер үшін маркетплейс құру, жер қойнауын пайдаланушылардан бастапқы ақпарат алуға және есептерді қабылдауға өтінім бойынша бизнес-процестерді цифрландыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта платформаны тәжірибелік пайдалану және өнеркәсіптік пайдалану жүргізілуде, «Minerals.gov.kz» 2023 жылдың мамыр айында енгізу жоспарлануда, – делінген жауапта.

Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі кеңістіктік деректерді пайдалануға байланысты бизнес-процестерді одан әрі дамыту және оларды жүйелі цифрландыруды қамтамасыз ету мақсатында Кеңістіктік деректердің бірыңғай цифрлық платформасы (КДБЦП) құрылатын болады.

КДБЦП-ға ашық қолжетімділік және интерактивті деректерді жаңарту бір терезе арқылы белсенді қызметтерді көрсетуге және шығаруға мүмкіндік береді. КДБЦП жер учаскесінің мәртебесін автоматты түрде қадағалауды орындауға және жергілікті атқарушы органдардың учаскелері бойынша, сондай-ақ жер беруге тыйым салынған жағдайда заңсыз немесе қайталама әрекеттер жасау мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді

КДБЦП жанжалдарды анықтау үшін қиылысатын қабаттарды автоматты түрде есептей отырып, бірыңғай терезе арқылы мемлекеттік органдардың тікелей және ашық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

2024 жылға қарай КДБЦП «JerInSpectr» және «Minerals.gov.kz» платформаларының, сондай-ақ кеңістіктік деректерді пайдаланатын кез келген басқа алдыңғы платформалардың тиімді жұмыс істеуі үшін тұрақты жаңартылған кеңістіктік деректермен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірленді. Қазіргі уақытта тұжырымдаманың жобасы бекіту барысында. Тұжырымдама ғарыш саласын дамытудың 5-6 жыл кезеңіне арналған пайымын, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында айқындалған мақсаттарға, міндеттер мен тәсілдерге қол жеткізуге (экспорттың өсуіне, импортты алмастыруға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ экономиканың сабақтас салаларын дамытуға мультипликативтік әсер етуге) бағытталған тиісті саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін (оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша) айқындауға және Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттары үшін (ғарыштық мониторинг нәтижелерін төтенше жағдайлардың алдын алу, климаттық, табиғи және техногендік өзгерістерді талдау, егінді, жер қойнауын, су ресурстарын бағалау үшін пайдалану) мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесіне қосылған жалпы саны – 8 мемлекеттік орган бойынша 58 ақпараттық жүйе, оның 37- 2019 жылы, 2020 жылы, 1 – 2021 жылы, 19 – 2022 жылы қосылған.

2022 жыл ішінде «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» КҚ базасында «Techpreneurs» әр түрлі сатыдағы стартап-жобаларды дамытуда үздіксіз қолдау көрсету бағдарламалары, «Silkway Accelerator» акселерациялық бағдарламасы, «Scalerator» экспорттық акселераторы, Астана Хаб (Seed Money) қатысушыларын қаржыландыру бағдарламасы және басқа да бағдарламалар (Tech) іске асырылды Orda, Startup School, Beta Career, no-code School, Teenpreneurs, корпоративтік инновациялар, серіктестер ресурстары, R&D орталықтары Астана Хаб).

Атап айтқанда, 2022 жылы «Techpreneurs» бағдарламасына 141 стартап жоба қатысты. Бағдарлама аясында 9 воркшоп ұйымдастырылды, 591 консультация, 1732 трекшн кездесулер көрсетілді. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде стартап-жобалармен 259 жаңа жұмыс орны ашылды. «Scalerator» экспорттық үдеткіш бағдарламасы бойынша 131 Қазақстандық IT компания қатысты. Бағдарламаға 41 стартап-жоба өтті, оның ішінде 35 стартап-жоба бағдарламаны сәтті аяқтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама