×

«Базалық мөлшерлеме өзгермейді». Қаржыгер оның себебін түсіндіріп берді

Бір жылда бизнесмендердің несиеге сұранысы 20% өскен

 Ербол Тұрымбет 23.02.2023 | 16:57
Сурет: Ұлттық банктің ресми сайтынан

Қаржыгер Жасұлан Көшебаев Ұлттық банктің қазіргі жүргізіп жатқан саясатына қарап өсетінін де, түсетінін де күтпейтінін, сол себепті осы деңгейінде қалатынын айтады. Себебі жыл басында мөлшерлеме өскелі елдегі несиеге деген сұраныс тоқтаған жоқ. Бизнесмендердің несие алу көрсеткіші былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 20%-ға өскен. Базалық мөлшерлеме көтерілсе, кәсіпкерлерге несие алу қымбаттайды.

Екіншіден, Ұлттық банктің алдында тұрған міндет – елде дезинфляциялық саясатты қолға алу. Яғни, инфляцияның биылғы өсім көрсеткішін былтырғыдан төмендету. Оған базалық мөлшерлемені төмендетумен жете алмайды. Осы саясатын әрі қарай да ұстанатын болса қазіргі 16,75% деңгейін сол күйі сақтап қалуы әбден ықтимал, – дейді ол.

Қаржыгердің сөзінше, инфляциялық күтімге бірнеше фактор әсер етеді. Соның ішінде ең әсерлісі сырттан келетін инфляция. Қазір әлемде оның қарқыны үдеп барады, әсіресе Еуропада. Ондағы инфляция бізге де келіп қосылуы мүмкін. Сондықтан инфляциялық қауіп әлі сейілмеген. Оның үстіне, ел ішінде мынадай түсінік қалыптасқанын мысалға келтіреді: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетеді, содан несие алу жеңілірек болады. Сосын ол инфляцияны одан әрі өсіреді деп ойлайды. Сарапшының пайымынша, осының бәрі инцляфиялық болжам дейгейін төмендетпей отыр. 

Сондай-ақ, ол Ұлттық банк базалық мөлшерлемені белгілер алдында сарапшылар кеңесіне жүгінеді. Яғни, индустрия саласындағы мамандардың пікірін ескеріп отырады. Сол жерде 2023 жылға болжам шатаспасам, 13-14% деңгейінде тұр. Яғни, оның өзі биыл инфляция айтарлықтай төмен түсе қоймайды дегенді білдіреді, – дейді Жасұлан Көшебаев.

Айта кетейік, соңғы рет Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша 13 қаңтарда шешім қабылдаған еді. Онда қазіргі қолданыстағы 16,75%-дық межені өзгеріссіз қалдырған. Бас банк айлық инфляция біртіндеп баяулап келе жатса да орташа жылдық мәндерінен әлі де жоғары тұр деп түсіндірген-ді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама