×

«Шымкентке 549 млрд теңге инвестиция тартылды». Әйтенов президентке есеп берді

Биыл шаһардың бас жоспары әзірленеді

 Дәурен Ерболат 23.02.2023 | 15:05
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Президентке үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Мұрат Әйтеновтің айтуынша, былтыр қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8%-ға артып, 549,4 миллиард теңгеге жеткен.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асты. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7%-ы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму перспективасын ескеріп, жаңа бас жоспар бекітілмек.

Әкім президентке жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілетінін баяндады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама