×

Биыл Түркістанға 350 млрд теңге инвестиция тартылады

Былтырғы көрсеткіш – 304 млрд теңге

 Дәурен Ерболат 22.02.2023 | 16:30
Фото: kompastour.com

2023 жылы Түркістанды дамытуға 350 млрд теңге инвестиция тартылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Былтыр тек Түркістан қаласына тартылған инвестиция 8,5 есеге өсіп, 304 млрд теңге болды. Биыл қала экономикасына 350 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарланып отыр, - деп жазылған облыс әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ халықтың табысын арттыру үшін арнайы жұмысқа орналастыру картасы бекітілді.

2022 жылы Түркістанда 2500 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 676-сы – тұрақты. Биыл ұлттық жобалар бойынша 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.

Түркістанды туристік орталық ретінде дамыту үшін жаңа халықаралық рейстер де ашылады.

Өткен жылы Түркістан халықаралық әуежайынан Ыстамбұл мен Кувейтке тікелей рейстер ұша бастады. Енді Мәскеу, Анталия, Дубай, Тбилиси, Ташкент және Самарқанд қалаларына әуе рейстерін ашу бастамасы көтерілді. Астана мен Алматыға әуе рейстерінің санын арттыру мәселесі қаралып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама