×

Түркістан қаласында қолөнершілер қалашығы салынғалы жатыр

Оның жалпы аумағы – 9 мың шаршы метр

 Еркеғали Болатұлы 22.02.2023 | 14:41
фото: дереккөз

Түркістанның мәдени-рухани орталығында қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі жоспарға сәйкес, кешенде ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын және қолөнер технологиясын оқытатын ірі шеберхана салынғалы жатыр екен. Негізгі мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту.

Жаңа жоба Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен басқосуда талқыланды. Қолөнершілер қалашығынының жалпы аумағы – 9 мың шаршы метр. Бұл жоба әлі де терең талқыланып, тиісті шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жаңа қалашыққа қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Көрме немесе Showroom орналасады. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту шаралары да жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама