×

Литрі – 184 теңге: биыл шаруаларға 413 мың тонна дизель отыны беріледі

Үкіметтің көктемгі егіс науқанына дайындығы айтылды

 Дәурен Ерболат 22.02.2023 | 10:39
фото: egemen.kz

2023 жылы көктемгі егіс науқанында шаруаларға 413 мың тонна дизель отыны беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл көктемгі егіс жұмысына барлығы 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді. Құны тоннасына 222 мың теңге немесе литрі 184 теңге, - деді министр.

Болат Ақшолақов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиімді үлестіру мақсатында төмендегі шаралар қабылданатынын атап өтті:

  • 2023 жылға арналған көктемгі егіс жұмыстарының графигі бекітілді;
  • Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алынды;
  • Ақпарат жүйесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын алу үшін операторлардың жеке виртуалды қоймасын құру.

«Мұнай өңдеу зауытынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дейін дизель отынын жеткізу құнын оператор дербес айқындайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші операторлары шарттарға, өтінімдерге, төлемдерге қол қоюды аяқтағаннан кейін және мұнай өңдеу зауытына вагон-цистерналар қойғаннан кейін МӨЗ дизель отынын тиеп-жөнелтуді бастауға дайын. Жалпы, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған жоспар толық көлемде орындалып жатыр. Мәсел Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тұрақты бақылауында», - деді ведомство басшысы.

Сөз соңында министр мемлекеттік ақпараттық жүйесінде дизель отынын электронды түрде бөлу және тарату функционалын іске қосу 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама