×

Доллар бағамы бірден 10 теңгеге төмендеді – KASE

19-24 наурыз аралығындағы доллардың ресми бағамы 505,22 теңге болған еді

 Ербол Тұрымбет 29.03.2022 | 11:27
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан қор биржасы (KASE) деректері бойынша, доллар бағамы тағы 10 теңгеге төмендеді.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 10,13 теңгеге төмендеп, 473,61 теңге болды. Айта кетейік, 29 наурыздағы доллардың ресми бағамы 484,49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 467,43 теңге, сату - 473,06 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 466,67 теңгеден сатып алынып, 472,08 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстанда шетел валютасы осымен бірнеше күн қатарынан арзандап жатыр. Айта кетейік, доллардың 19-24 наурыз аралығындағы ресми бағамы 505,22 теңге болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама