×

Доллар курсы тағы 5 теңгеге арзандады

19-24 наурыз аралығындағы доллардың ресми бағамы 505,22 теңге болған еді

 Ербол Тұрымбет 28.03.2022 | 16:50
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан қор биржасы (KASE) деректері бойынша, доллар бағамы тағы 5 теңгеге төмендеді.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 484,49 теңге болды. Сауда басталғалы доллар бағым 9,77 теңгеге төмендеді. Таңғы саудада доллар бағамы 489,10 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 477,19 теңге, сатылым - 482,52 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 478,18 теңгеден сатып алады, 483,73 теңгеден сатады.

Қазақстанда шетел валютасы осымен бірнеше күн қатарынан арзандап жатыр. Айта кетейік, доллардың 19-24 наурыз аралығындағы ресми бағамы 505,22 теңге болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама