×

Өңдеу өнеркәсібінде 33,1 трлн теңгеге 900-ге жуық жаңа жоба іске қосылмақ

Қазақстанда өңдеуші сектор негізгі орынды иеленеді

 Динара Амантай 11.02.2023 | 15:20
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тұжырымдама жобасы өңдеуші өнеркәсіп жобаларын 500 млрд теңгеден аса сомаға қаржыландыруды көздейді. Қарастырылып отырған кезеңде 147 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жалпы құны 33,1 трлн теңгеге 868 жаңа жоба іске қосылады деп болжанып отыр. Барлық жоспарланған іс-шараны жүзеге асыру нәтижесінде өндірістің нақты өсуін 2029 жылы 1,5 есе, ал негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 19,8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланған.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Тұжырымдама жобасы Қазақстанның өнеркәсіп құрылымын түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, онда өңдеуші сектор негізгі орынды иеленетінін атап өтті.

Жалпы кеңеске қатысушылар құжатты мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама